22 қаң, 2025 сағат 12:34

Қазақстан АҚШ-қа жалға жер бермек


Фото:egemen.kz

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін АҚШ Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын Мәжіліс депутаттары қарайды, деп хабарлайды Ult.kz

Депутат Айгүл Құспан бұл келісімге былтыр 27 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылғанын мәлімдеді.

"Келісімнің мақсаты – АҚШ үкіметіне Алматыда консулдық мекеме салу және пайдалану үшін 70 мың шаршы метрден астам жер телімін 49 жыл мерзімге жалға беру. Келісімнің ережелері жер телімін беру тәртібі мен шарттарын анықтайды. Комитет заң жобасын жұмысқа қабылдауға және оған қорытынды әзірлеуге дайын. Қолдауларыңызды сұраймын", – деді Құспан.