11 жел, 2019 сағат 09:18

Қазақстан адам дамуы өте жоғары елдер тобына кірді – БҰҰ есебі

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) «Адам дамуы жөніндегі есебін ұсынды. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Қазақстандағы БҰҰДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған есепте, Еуропа мен Орта Азиядағы орташа табысы бар елдер, оның ішінде Қазақстан, бұрын-соңды болмаған жоғары өмір сүру деңгейіне қол жеткізгені атап өтілген. Осыған қарамастан, климаттың өзгеруі мен технологиялық табыстар аймақтағы елдердің теңсіздікті азайтудағы ілгерілеуін айтарлықтай төмендетуі мүмкін.

Құжатқа сәйкес, орта топтың азайуы, бейресми және тұрақсыз жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейі, әлеуметтік қорғаудағы олқылықтар, білікті және жас жұмысшылардың эмиграциялануы, сондай-ақ заң алдындағы теңсіздікті қабылдау осы аймақта теңсіздік проблемаларын әсіресе шиеленістіреді.

Адамдардың өмір сүру деңгейі жақсарғанына қарамастан теңсіздіктің жаңа түрлері пайда болуда. Олар технология мен білімге қол жетімділіктің біркелкі болмауынан туындаған және климат дағдарысына байланысты шиеленесуде. Аймақ өз энергиясының 90 пайызын қазбалы отындардан алады, ал жердің 30 пайызға жуығы тозған деп есептеледі. Осы аймақ ғылыми зерттеулерге арналған шығыстардың дүниежүзілік көрсеткіші бойынша орташа орынды иеленгенімен, жоғары білікті және төмен білікті жұмысшылардың жұмыспен қамтылу коэффициенті ЭЫДҰ елдеріндегі көрсеткіштерінен әлдеқайда төмен - өркендеген елдерде технология тез дамып келе жатқан кезде бұл проблеманы шешу қиындай түседі.

«Теңсіздік әлеуметтік келісімді және адамдардың үкіметке, институттарға және бір-біріне деген сенімін әлсіретеді. Бұл экономика мен қоғамға зиянын тигізеді. Қазақстан 1992 жылдан бастап адам дамуының жоғары деңгейіне қол жеткізді. Осыған қарамастан, климаттың өзгеруінен және технологияға біркелкі қол жетімділіктен туындаған теңсіздіктің жаңа түрлерін жою үшін жаңа шаралар қажет», - деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Есепте ұсынылған Адамның даму индексі (АДИ) бойынша елдердің рейтингісіне сәйкес, 2018 жылы Қазақстан 189-елдердің ішінен 50-орынға ие болды және адам дамуы өте жоғары елдер тобына кірді. 1990 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде Қазақстандағы АДИ 18,5% -ға, жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 61,8% -ға өсті. 28 жыл ішінде Қазақстанда бала туудың орташа ұзақтығы 6,5 жасқа, орташа білім ұзақтығы 3,7 жылға, өмір сүру ұзақтығы 2,9 жылға артты.