Фото: Қазақстан президенті баспасөз қызметі
Қайғылы оқиға Шығыс-Жезқазған кенішінің “Анненск” шахтасында болған, деп хабарлайды Ult.kz.
“Қазақмыс” компаниясының ресми сайтында:
“Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты”,- деп хабарланды.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылған.
“Қазақмыс басшылығы мен ұжымы, марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыра көңіл айтады. Оның отбасына жерлеу шығындарымен, ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмек көрсетілетін болады”,- делінген хабарламада.