#
#
Сенбі 08/08/2020

Қазақ тілі өркениеттің ой-пікірін қалыптастыратын тілдермен қатар тұруы керек - Мемлекет басшысы

  • 12.12.2019
  • 0
  • 332

Қазақ тілі өркениеттің ой-пікірін қалыптастыратын тілдермен қатар тұруы керек. Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар азаматқа мемлекеттік наградаларды тапсыру барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Елбасы ұсынған »Рухани жаңғыру« жолымен алға қадам басуда. Еңбекқорлық - әлем елдерін табысқа жетелейтін басты игілік. Сондықтан біз дүниежүзіне еңбекқор ұлт ретінде танылуымыз керек. Мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек пен масылдықтың ара-жігін ажырата білген жөн. Біз күнделікті өмірде ысырапшылдықпен өзгеге еліктеушіліктен арылуымыз керек. Ата-бабамыз дәріптеген қанағат пен үнемшілдікті жаңа буынның рухани тірегіне, асыл қасиетіне айналдыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті білімге деген құштарлық азаматтарымызды ғылым мен технология саласындағы зор жетістіктерге жетелеуі тиіс екендігін баса айтты.

«Қазақ тілі өркениеттің ой-пікірін қалыптастыратын, өнертапқыштар мен ғалымдар сөйлейтін тілдермен қатар тұруы керек. Сонда ғана ана тіліміз ұлтаралық қатынас тіліне айналады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар