26 шіл, 2016 сағат 16:22

Қазақ өз жерін өзі игере алады

«Нағыз патриот – өз елін мақтайтын адам қайта кемшіліктерді көріп,
ұнамсыз тұстарды жөндеуге ықпал ететін адам»
Нұрсұлтан Назарбаев

«Биліктің қателігін түзеу жолдарын емес,
көрсету арқылы оның өмірін  ұзартудамыз»    
 Сабир Рустамханлы[1]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ПРЕЗИДЕНТІ  Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА

Ү Н Д Е У

“Жер тағдырын аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің жұмыс істеу саясатын жаңғырта бірге шешу туралы”

    “Дос жылатып айтады”
халық мақалы

Жер өмірдің негізі болса да ауыл шаруашылығының еңбек құралы, еңбек заты. Оны қолданудың тиімділігі өндірістік қатынастарға тікелей тәуелді.

Бұл қатынастар большевиктер заманынан бері саяси көзқараспан ойша құрылып, сылдыр сөзбен “негізделіп”, нақты жағдайдан туындамай[2], керісінше өзімбілемдеушілікпен орнатылумен келеді. Сондықтан шынайы жағдаймен санаспаған бұл ықтияршылдық саланы отызыншы жылдардағыдай күйретті[3]:

Ширек ғасыр бойы өсудің орнына екі еседей төмендеген көрсеткіштер мемлекеттің ауыл шаруашылығындағы, жалпы аграрлық-өнеркәсіптік кешендегі саясатының мүлдем жарамсыз екенінің айғағы.Ал бірақ мұны мойындап, түзеудің орнына бәріне кінәлі халықтың жерді дұрыс пайдаланбауы деп, жерді жаппай жекеменшіктендіріп, шет елдерге жалға беріп “дұрыс” пайдаландырмақ.

Алаңдамай, тиімді, күтіп пайдалану үшін жер екі ұрпақтың еңбек өміріне – 49 жылға дейін жалға беріліп, оны жалғастыруға, кепілге қоюға (яғни осылайша сатуға) рұхсат етілген. Сонда да жерді ойдағыдай пайдаланбаса мемлекет қайтарып алып, тиімді пайдаланушыға бере алады. Сондықтан жалгер мүмкіндігі жеткенше дұрыс пайдалануға тырысып, тиімді жерлерді жекеменшіктендірмей-ақ жақсы игерген. Меншік иесі болса жерді пайдалану, пайдаланбауды өзі шешіп, жерді тікелей алып-сатып, “спекулянттық” пайда тапқаны былай тұрсын, тіпті келеңсіздікке барса да одан жерді қайтарып алу мүмкін емес дерліктей. Сонымен жекеменшіктік жалгерлікке  қарағанда  жерді  тиімді пайдаландырады деу, бұдан бетер тоқырауға жетелейтін өрескел жаңылыс.

Қазіргі кезде кім болса да есесі қайтатын деңгейге дейін ғана жерді игеріп, күтіп, үздік тәсілдерді қолдана өнім өндіруде. Бірақ ол халықты асырап, өнеркәсіпті қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Жеткілікті өндіру үшін шаруаларды жеткілікті қолдау керек. Мұны шешетін қаржы көздері – бірінші реттегі жер рентасы латифундистерге қымқырттырылған, жер асты байлығынан түскен табыс та жер үстіне бұйырмай, алкоголь өндіруде әркімнің жемтігі етілген.

Қажетімізден тысқары жер бос жатпасын, экспорттаймыз деп өзін-өзі өтемейтін өнімді субсидиялап өндіріп, басқа елдерді асырауға да болмайды. “Бос жатыр” деудің өзі ағаттық, ол дем ала тыңайып жатқан жер, әсіресе шамалы демесек. Алайда мұндай жерді де жатжұрттықтарға пайдалануға беруге болмайды. Айталық қытайлықтар түпкі арманы – қазақ елін иемденуге негіз салу үшін тиімсіз болса да қаржыны аямай төгіп, “өздерінің қазақстандағы агроөнеркәсібін” қоныстарымен қоса дамытары анық. Сосын бізді өздеріне батырақ етіп, жұмыссызға айналдырып, жерімізден айырылдырып, масқара ете бұл өмірден өткізуге бағыттайды; қытайлық, үнділік, пәкстандық т.б. сипаттағы жиендер – “қазақстандық ұлттың” жас буындары қаптап бой көтеріп, нағыз қазақстандықтарды ығыстырып, еліміздің жаңа иесіне айналары сөзсіз. Жатжұрттардың кейбір тобы жеріміздің сөлін сорып, өлексе де етеді. Егер мұқтаж елдер өнімге тапсырыс беріп, қаржыландырып, көтеріңкілеу бағасына шыдаса, немесе базар бағасы көтерілсе қолданыстағы, “демалыстағы” жерлерді қарқынды пайдалана бастауға дайын болуымыз керек.

Жер Жаратқанның халқымызға мәпелеп пайдаланып, өсіп-өніп, келесі ұрпаққа жеткізуге берген АМАНАТы. Сондықтан жер тағдырын билік түгіл, барша халық референдум арқылы шешуге құқықты емес[4]. Бізді мәңгі ететін жеріміз.

Осылай болсада мүдделілер ықтияршылықтың салдарын ықтияршылдықпен “түзейміз” деп, тайынсыз парламентті сайрандауға  жіберіп, Жер комиссиясы арқылы ықтияршылдықты бөспе сөзге айналдыра ақтап, “мойындату” үшін “қараңғы” халыққа “түсіндіру” науқанын жүргізуде. Және қателікті мойындап, мәселені әділетті, жаңаша шешуге барынша кедергі жасауда. Жер мәселесін дұрыс шешу, агроөнеркәсібін мешелдендіріп, осы дауға алып келген топ басқарып, даурықпаның алаңына айналған Жер комиссиясының қолынан келмейді. Өткені ол топқа қолданыстағы саясаттың қателігін мойындау, өздерінің түкке тұрмайтын басқарушылар екенін мойындап, шалқыған өмірлерінен айырылу деген сөз.

Игере алмайды деп халқымызды кемсітіп, шет елдіктерге, өзімізді тонап көтерілген латифундистерге жерді тапсыру, тек баюды, империяның құрамына кіріп кетсекте меншіктенген жерімізді сақтасақ дегендердің жоспары іспеттес.

Елін сүйген ерлер, өз халқымыздың да жерімізді де толық игеріп, гүлдендіре алатынын біледі, мұны жүзеге асыра алады. Бұл туралы жан-жақты дәлелденген нақты жоспарларымыз баршылық. Соның бірі, өзіңіздің жаныңыздағы Стратегиялық  болжау және жоспарлау Агенттігі, Стратегиялық зерттеу институты, АҚШ-тың әлемдік экономикалық жүйелерді зерттеу институты қолдап, ауыл шаруашылығынан қолдана бастау керек деген ұсынысы мұрағатыңызда 2002 жылдан бері “аса құпия” деген таңбамен тығулы жатыр.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

  1. аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің ажыралмас бөлігі – жер мәселесін кешеннің хал-жағдайымен бірге зерделетіп, қалыптасқан жағдайды ескере отырып өзара байланысқан, шынайы бағдарлама жасатып, оны жүзеге асыруға бас болуыңызды;
  1. бағдарламаны патриоттық ұстанымдағы, агроөнеркәсіпте еңбек еткен, еңбек етуші, саланы өркендетуді заман талабына сай ғылыми негізде шешуге бейім, орын алған ықтияршылықтарға қатысы, мәселені шешуге теріс ықпал етер жеке мүддесі жоқ маман, оқымысты, басшылардан тұратын топқа тапсырып, орындауына қажетті жағдай жасатуыңызды;
  1. жаңа бағдарлама жасалып, бекітіліп, іске қосылғанша Жер кодексінің жекелеген баптарына жариялаған мораторидің мерзімін ұзартып, Жер комиссиясын таратуыңызды, ӨТІНЕМІЗ.

Қоғамдағы қобалжуды, құлдыраудың шегіне жеткен ауыл шаруашылығы мен шиеленіскен жер мәселесін өршітпеу үшін бұл үндеуге мән беріп, нақты шаралар қолданарсыз деген ниетпен:

Ерментай СҰЛТАНМҰРАТ – академик, “Түрік Халықтарының Дүниежүзілік Ассамблеясы” халықаралық ұймының төрағасы,  Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы “Мыңжылдық”  форумының Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша экс-үйлестірушісі, Кембридж халықаралық орталығының  “21 ғасырдың аса көрнекті ғалымы” атағының иегері, “Халықтық  капитализмнің қазақстандық нұсқасы” бағдарламасының авторы, 1965 жылдан ауыл шаруашылығың еңбеккері

[1] Әзірбайжанның мемлекет қайраткері – “Түрік Халықтарының Дүниежүзілік Ассамблеясы” халықаралық ұймының әріптесі.

[2] география, табиғат, ауа райы, саланы, шаруаны  жүргізу, адамдардың жан дүниесі, ойлау жүйесі сияқты.

[3] КСРО мен Қазақстан республикасының ресми статистикалық мәліметтері.

[4] Батыс демократиясының “апиын” екенін, Гитлердің өзі сайлауда сайланғанын, біздің “халық” биліктің ұсынысына жүз пайыз дауыс беруге дағдыланғанын да ұмытуға болмайды.

Ұлт порталы