Шекарашылар «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде Қырғызстаннан контрабанда өнімін кіргізудің екі фактісінің алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қырғызстан азаматтарының «Вольво» және «Мерседес-Бенц» жүк көлік құралдарын Қазақстанға кірер алдындағы тексеріс барысында ілеспе құжаттары жоқ «электрондық темекінің» ірі партиясы табылған.
Жүктің алдын ала құны - шамамен 210 млн теңге.
Ұсталған тауар мен көлік құралдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.