24 ақп, 2022 сағат 10:20

Қазақ файтері нокдауннан тұрып турнирдің басты айқасында жеңіске жетті


Ресейлік қазақ Ілияс Хамзин (9-2) RCC Intro 19 турнирінде жеңіске жетті. Екатеринбургте өткен кештің басты айқасында ол бразилиялық Луан Сантьягомен (16-6) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz

Үш раундқа есептелген жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен омбылық файтердің пайдасына аяқталды - 29:28, 28:29, 29:28.

Бірінші раундта Ілияс нокдаунға түсіп қалды, алайда, есін жиып алды. Ал үшінші раундта ол бразилиялықтың өзін бірнеше рет есеңгіретіп жіберді. 

Карьерасы толықтай RCC лигасында өткен 30 жастағы Хамзиннің бұл - тоғызыншы жеңісі. Ал 27 жастағы Сантьяго алтыншы рет жеңіліп отыр.