28 қаз, 2016 сағат 20:05

Қазақ боксшыларының қарсыластары жекпе-жек басталмай жұлқынды (видео)

Ертең Алматыда үлкен бокс кеші болады. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мен ганалық Патрик Аллотей жекпе-жек аясында Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы секілді қазақ боксшылары шаршы алаңға шығады.

Жекпе-жек алдында әдеттегідей салмақ өлшеу рәсімі өтті. Салмақ өлшеу барысында жерлестеріміздің қарсыластары оғаш мінез танытып, отандастарымызға сес көрсетпек болды. Біздің боксшылардың кеудесінен кері итергісі келіп, жұдырықтаспай жатып жұлқынды. 

Салмақ өлшеу рәсімінде болған "қызықтарды" видеодан көрейік:

Жанқош Тұраров - Айсак Арие

Жәнібек Әлімханұлы - Милтон Нуньес

Қанат Ислам - Патрик Аллотей