02 қар, 2017 сағат 09:56

«Қазақ билер соты және Алашорда интеллигенциясы» атты «дөңгелек үстел» мәжiлiсi өттi

ОҚО өңірлік сотында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қазақ билер соты және Алашорда интеллигенциясы» атты «дөңгелек үстел» мәжiлiсi өттi. Шараға судьялар мен аудандық соттардың төрағалары, ОҚМПИ-дiң студенттерi қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Оңтүстік Қазақстан" басылымына сілтеме жасап.

Бүгiнгi таңда елiмiздiң жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiкке қол жеткiзу бағытында үшiншi жаңғыруды жүзеге асыруға кiрiскенiн бiлемiз. Оның басты қағидасының бiрi – әлемдегi дамыған отыз елдiң қатарына қосылу. Осыған дейiн де елiмiз тәуелсiздiкке қол жеткiзу арқылы алғашқы жаңғырудан өткен болатын.

«Қазақстан – 2050» стратегиясы кезiнде елiмiз екiншi жаңғырудың нәтижесiнде әлемдегi алдыңғы қатарлы 50 елдiң қатарына ендi. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ұлттық сананы айқындайтын елiмiздiң үшiншi жаңғыру үдерiсiн ұсынып отыр. Сондықтан бүгiнде рухани жаңғыру ең өзектi мәселе болып тұр», – дедi облыстық соттың азаматтық iстер жөнiндегi сот алқасының төрағасы Түгел Бекiмбетов.

Сондай-ақ, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономика сотының судьясы Махаббат Мұздыбаева та аталмыш мақаланың негiзiне тоқталса, Шардара аудандық сотының судьясы Сапархан Омаров қазақтың билер соты – рухани жаңғыруға тиiс ұлттық құндылықтар екенiн тiлге тиек еттi. Ал, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Анарбаев «Қазақ даласындағы дәстүрлi билiк жүйелерi және оның Алаш бағдарламасындағы кейбiр көрiнiстерi» тақырыбында, Оңтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк педагогика институтының 2-курс студентi Гүлжанар Мақсұт «Алаш арыстарының тәуелсiздiк туралы идеяларының тарихи маңызы» тақырыбында баяндама жасады. Студенттер мамандардан осы бойынша сауалдарына жауап алып, өз пiкiрлерiн ортаға салды.