14 сәу, 2021 сағат 16:23

Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан қыз қазақстандықтардың ашуына тиді (Видео)

Қазақстандықтар Қайыңды көлінде бейнеролик түсірді. Кадрлардан бір қыздың су артасында қалқып тұрған үрлемелі матрастың үстінде жатқанын көруге болады. Оның ұлттық парк аумағындағы әрекеті жұртты ашуландырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайыңды көлінде түсірілген бұл видео Instagram желісінде жарияланды.

"Осылай оянғыңыз келе ме?" - деп тұрды ролик сипаттамысында. Алайда көп ұзамай видео өшірілді. 

Натуралист Сәкен Ділдахмет жастардың іс-әрекетіне наразылығын білдірді.

"Қайыңдыдағы бұл не цирк?" - дейді сарапшы.

"Instagram-да бір қыз Қайыңды көлінде жүзіп тұрған үрлемелі матрастың үстіндегі видеосын жариялады. Қазақстанда туризмді дамыту үшін түсірілген видео деп жазған. Көлдің ұлттық парк аумағында орналасқанын, онда шомылуға қатаң тыйым салынғанын түсіну керек. Адамдар осылай білгенін істесе, барлық келу ережесі бұзылады. Бүгін матрас, ертең қайық әкеледі. Осылай біз көлдің басты ерекшелігі - суға батқан орманнан айырылып қалуымыз мүмкін", - деп наразы болады Сәкен Ділдахмет.

Ол матраста жүзу қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтады.

"Көлде құтқарушылар жоқ, өйткені жүзуге тыйым салынған және су мұздай. Бұл бассейн немесе демалыс орны емес. Адамдар табиғатқа деген көзқарасын осылай көрсетеді. Ұлттық парк әкімшілігі шара қолданып, кінәлілерді жауапқа тартады деп ойлаймын", - деді Ділдахмет тілшімізге. 

Ал әлеуметтік желілердегі пікір екіге бөлінсе де, наразы болғандар өте көп.