#
#
Бейсенбі 06/08/2020

Қайтыс болған елордалық дәрігер Олжабай Қожағалиев «Парасат» орденімен марапатталды

  • 15.07.2020
  • 0
  • 192

Елорда әкімдігінде медицина қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордадағы көпбейінді медициналық орталықтың хирургия бөлімінің меңгерушісі Олжабай Қожағалиев жақында көз жұмған болатын. Ол «Парасат» орденімен марапатталды. Марапатты қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәрігердің ұлы Арман Қожағалиевқа табыстады.

Олжабай Қожағалиев 1958 жылы 1 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Өмірінің 34 жылын өз мамандығына арнаған. Аудандық аурухананың дәрігерінен бастап астаналық емхананың хирургия бөлімінің меңгерушісіне дейін еңбек жолын жүріп өткен. 

1986 жылдың шілдесінен 1987 жылдың қыркүйегіне дейін - Мамлүт орталық аудандық ауруханасында хирургы. 1987 жылдың қыркүйегінен 1991 жылдың тамызына дейін аудандық ауруханаларда хирург болды. 1991 жылдың тамызынан 1997 жылдың тамызына дейін - Кореев аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі. 

1997 жылдың қыркүйегінен 1999 жылдың сәуіріне дейін - диагностикалық бөлімнің эндоскописті.

1999 жылдың сәуірінен 1999 жылдың желтоқсанына дейін - Астана қаласының Медициналық қызметтерге ақы төлеу орталығы департаментінің медициналық қызметтер сапасын басқару бөлімінің жетекші маманы. 

1999 жылғы желтоқсаннан 2000 жылғы маусымға дейін - елордалық медициналық қызметтер департаментінің медициналық-аналитикалық бөлімінің сарапшы хирургі-бас маманы.

2000 жылдың маусымынан 2009 жылдың наурызына дейін - іріңді хирургия бөлімінің меңгерушісі. 2009 жылдың наурызынан 2015 жылдың тамызына дейін - хирургия бөлімінде хирург.

2015 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №2 көпсалалы медициналық орталығы хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар