Шымкенттік полицейлер қайтарымсыз несие шығарып беремін деп тұрғынды алдап кеткен әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан әйелдің қылмысын әшкереледі.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына кеңсе арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан арыз түскен. Арыз берушінің айтуынша, Халыққа қызмет көрсету орталығында бейтаныс азаматша мемлекеттік бағдарлама арқылы бизнес бастау үшін қайтарымсыз 5 млн теңге несие шығарып беремін деп сеніміне кірген. Сосын жәбірленушінің телефонындағы екінші дәрежелі банк қосымшасы арқылы 600 мың теңге ақшасын аударып, иемденіп алған.
Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру барысында 27 жастағы әйел анықталып, басқармаға жеткізілді.