31 қаз, 2025 сағат 11:32

«Қайраттың баласына да барып қайтыңыз»: Нұртас Айдарбековтің әрекеті желіде талқыға түсті

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков жаңа туған немересіне домбырамен ән арнап, желіде үлкен талқылауға себеп болды, деп хабарлайды Ult.kz.

Желіде тараған бейнежазбада Нұртас Айдарбеков келінінің бөлмесіне домбырасын алып кіріп, ұлы Заңғардың сәбиіне арнап терме шырқайды.

«Аллаға шүкір, биыл урожайный год болды! Алла өмір берсін бәріне!» — деп жазды ол бейнежазбаның астына.


Алайда бұл әрекет көпшіліктің түрлі пікірін тудырды. Бірі атаның ықыласына риза болса, енді бірі қазақы дәстүр мен әдептілікті бұзды деп сын айтты.

Пікірлердің арасында:

«Қырқынан шықпаған балаға дұрыс па, құлағына тимейді ме екен?»,
«Қандай күшті көрініс, әр қазақ қызына сіздей ата бұйырсын»,
«Қайраттың баласына да барып қайтыңыз»,
«Келіннің бөлмесіне кірмейтін еді бұрын»,
«Домбыраңызды алып Қайраттың Рабиясына барыңыз енді»,
«Келініңіз орамалсыз жүр, баланың аузына шаш түседі» — деген сыни жазбалар да кездеседі.