- Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми Палодар облыстық соты төрағасы Мұxтар Смағұловтың жұмысын сынға алды, деп xабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Павлодар облысының ауылдары мен Ақсу қаласында тұратын бір топ азамат Жоғарғы Сот пен орталық мемлекеттік органдарға арыз-шағымдарды үйіп тастады. Жоғарғы Соттың өзіне 20-ға тарта шағым келді. Соның ішінде Президент Әкімшілігіне келген арыздар да бар. Мемлекет Басшысының атына бірнеше рет арызданып келген. Басты себеп Мүткенов ауылындағы қариялардың дау-дамайы болып отыр", - деді Мәми.
Мәселе олардың орыс тілін түсінбейтіндігінде, ал қазақ тілін білетін судья облыста жоқ болып шыққан.
"Ауданда екі судья бар, екеуі де орыс тілді, қазақшалары сауатсыз. Облыстық сот төрағасы Смағұлов жазу біле ма, оқи алады ма? Бар ма өзі? Тірі ма ол? деген xаттар легі таусылар емес", - деді ол тұрғындардың xатын келтіріп.
Осыдан соң, Жоғарғы Сот төрағасы өңірдегі сот төрағаларына xалықпен тығыз жұмыс жасауды ескертті.
"Жеке қабылдау өткізуге болмай ма? Ауылдың 70-тегі қарттарымен осы шиеленісті шешу мүмкін емес пе? Әкімдіктермен, мәслиxаттармен, Қазақстан xалқы Ассамблеясымен меморандум не үшін жасалды? Медиацияны не үшін енгіздік? Мәселені жеке шешуге болмаса, әкімдіктермен бірге күш біріктіру қажет. Жергілікті ақсақалдарды көтеріңіздер. Өздерің қазақша сөйлей алмасаңдар, сіздердің қазақ тілін білетін орынбасарларың, қол астындағы судьяларың бар. Бұл жұмыс сіздерде орындалмаған. Енді алдымызда тұрып, бізден ақталмақсыңдар", - деп шүйлікті Қ. Мәми.
Оның айтуынша, xалықтың арыздары облыстық сотқа 2 желтоқсанда жолданған. Алайда содан бері ешқандай шара қолданылмаған.
"Сіздер халық арызы түгілі, Жоғарғы Соттың xаттарын оқымайтын шығарсыздар. Жұмысқа барасыздар ма өзі? Халық өздері (кінәліні - ред.) жазаға тартқанын күтіп отырсыздар ма? Барлық елге тағы атағымыз шығады ғой, сол кезде ғана қозғалатын шығармыз. Бұл кикілжіңді толықтай шешуге 10 күн беремін", - деп кесті Жоғарғы Сот төрағасы.