- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдардың қызмет көрсету сапасын бағалап шықты, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ағымдағы жылы 27 мемлекеттік органның қызмет көрсету жұмысы тексерілді. Сондай-ақ әкімдіктердің осы саладағы жұмысы бағаланды. Осылайша, жалпы 100 ұпайдың ішінен орташа баға 58 ұпайды құрады. Орталық мемлекеттік органдар 55 ұпайды иеленсе, жергілікті атқарушы органдар 59 ұпайды жинады. Ең жоғары ұпай саны әділет, энергетика министрліктері, Ақмола мен Павлодар облыстарының әкімдіктері жинады. Ал ең төмен ұпай ұлттық экономика мен ауыл шаруашылығы министрліктері, сондай-ақ Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына тиесілі», - деді агенттіктің мемлекеттік қызметтерді бағалау және қадағалау басқармасының басшысы Марат Байсалов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Аталған рейтинг сауалнамалардың негізінде жасалды.
Бұдан бөлек, агенттік мамандары тағы 50 мемлекеттік қызметке қоғамдық мониторинг өткізіп, оның нәтижесін жылдың аяғына дейін ведомствоның ресми сайтында жариялауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, ағымдағы жылы мемлекеттік органдар 111,8 млн. теңге көлемінде қызмет көрсетті. Соның 57 пайызы қағаз түрінде болды.