20 қаз, 2020 сағат 12:20

Қай мамандықтардың білім гранттары көбейеді?

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр кейбір мамандық бойынша білім гранттарын көбейтуді тапсырды. Атап айтқанда, Үкімет басшысы Асқар Мамин ветеринария және фитосанитария мамандықтары бойынша білім беру гранттарын көбейтуді сұрады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Ауыл шаруашылығы министрлігі білім министрлігімен бірлесіп, салаға қажетті кадрларды даярлауды жетілдіру және түлектердің кеңінен ауылда жұмыс істеу шартымен ветеринариялық және фитосанитариялық қызмет мамандықтарына бөлінетін гранттарды көбейту мәселесін пысықтасын», – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы ұсынған шараларды қолдай отырып, ветеринариялық мамандықтардың білім грантын арттыруды ұсынды. Басшылықтың айтуынша, ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құру бастамасы да бар. Оған республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінеді. Бұдан бөлек, жергілікті жерде шектеу шаралары шұғыл енгізу тәртібі болады.

«Бүгінгі таңда ветеринариялық мамандықтардың білім грантын арттыру өте маңызды. Себебі, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы аграрлық университеттер осы саладағы мамандық иелерін даярлауда қажырлы еңбек етіп келеді. Осы орайда аграрлық оқу орындарын таңдайтын түлектердің санын арттыру үшін осы саланың дұрыс дәріптелуі мен насихатталуын қадағалау керек. Бүгінгі таңда аграрлық университеттердің сұранысын арттыру мақсатын нығайту керек. Ауыл шаруашылығы саласының дұрыс игерілуі жас мамандардың білім алуында», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жедел карантин енгізуге және инфекция ошағын жабуға біраз уақыт кететін атап өткен. Себебі әкімдердің қаулыларын келісу, бекіту және күшіне енгізу үшін 5-15 күндей күту керек.

Айта кетейік, елімізде бірнеше аграрлық университет бар. олар топырақтанудан бастап, түрлі аграрлық саладағы мамандықтар бойынша білім алады. Тек аграрлық университеттерді тамамдаған түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі де қаралуы керек. Үкімет басшысының айтуынша, бұл алдағы уақыттың еншісінде. Ең бастысы сапалы кадр дайындау мәселелері толығымен шешілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр кейбір мамандық бойынша білім гранттарын көбейтуді тапсырды. Атап айтқанда, Үкімет басшысы Асқар Мамин ветеринария және фитосанитария мамандықтары бойынша білім беру гранттарын көбейтуді сұрады. Ауыл шаруашылығы министрлігі білім министрлігімен бірлесіп, салаға қажетті кадрларды даярлауды жетілдіру және түлектердің кеңінен ауылда жұмыс істеу шартымен ветеринариялық және фитосанитариялық қызмет мамандықтарына бөлінетін гранттарды көбейту мәселесін пысықтады.

Үкімет басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы ұсынған шараларды қолдай отырып, ветеринариялық мамандықтардың білім грантын арттыруды ұсынды. Басшылықтың айтуынша, ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құру бастамасы да бар. Оған республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінеді. Бұдан бөлек, жергілікті жерде шектеу шаралары шұғыл енгізу тәртібі болады.