14 сәу, 2022 сағат 19:33

Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары тағайындалды


Қанат Сейдгапбаров ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда мәліметінде.