09 қаң, 2021 сағат 06:38

Қатты аяз: Астанада қала маңына қатынайтын кей автобустар жүрмейді

Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын бірқатар автобус бағдарлары тоқтады.

Бұл жайында Smart Astana ресми мәлімет таратты. 

«Қатты аязға байланысты, қала маңына қатынайтын №№ 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды» делінген хабарламада.

Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда.