28 жел, 2019 сағат 21:40

Катар Әмірі Қазақстан Президентіне ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Катар Мемлекетінің Әмірі Хамад Аль-Тани Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Bek Air» әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшыруына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өз кезегінде Катар Премьер-Министрі Абдалла бен Насер Аль-Тани Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминге көңіл айтты.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытымен ұшып бара жатқан Bek Air компаниясының 2100 рейсі кенет апатқа ұшырап, бетон қоршауды бұзып өтті. Артынан ұшақ екіқабатты ғимаратпен соқтығысып, 12 адам қаза болды.