Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атына АҚШ Президенті Дональд Трамп тарапынан хат келіп түсті, деп хабарлайды Ult.kz.
Ақ үй басшысы ақпан айында Вашингтон қаласында өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысы аясында Қазақстан Президентімен болған кездесуді ықыласпен еске алған.
Хатта Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысына шақырған. Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысын жыл соңында Майами қаласында өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырды.
