07 қаз, 2019 сағат 21:41

Мемлекет басшысы «ВТБ Банкі» ААҚ Басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ВТБ Банкі» ААҚ Басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады. Бұл туралы Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«ВТБ Банкі» ААҚ Басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдадым. Банкінің 2009 жылдан бергі Қазақстандағы қызметі жөнінде айтты. ВТБ еліміздің 17 қаласында жұмыс істейді»,-деп жазды Мемлекет басшысы.