Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен келді. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.
Бүгін Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі.
Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.