Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі өзен-көлдерді тазарту жұмыстарына оң баға берді. Бұл туралы ҚР Президенті өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.
«Қазақстандағы өзен-көлдерден жүздеген километр синтетикалық аулар алынды. Бұл министр Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасымен қолға алынған оңды іс болды»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның 79 су айдындарынан 95,3 км ау жиналғандығын хабарлағанбыз.