20 ақп, 2018 сағат 10:38

Қасым-Жомарт Тоқаев: Bul tarıhı mańyzǵa ıe oqıǵa

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің жаңа әліпбиі туралы Елбасы Жарлығына қатысты твиттерде пікір білдірді.

«2018 жылғы 19 ақпанда Елбасы қазақ тілінің жаңа әліпбиі туралы Жарлығына қол қойды. Бұл тарихи маңызға ие оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!» деп жазады Сенат спикері.

Айта кетерлігі Сенат спикері жаңа редакциядағы латын әліпбиімен де жазып барша қазақстандықтарды құттықтады:

«2018 jylǵy 19 aqpanda Elbasy qazaq tiliniń jańa álipbıi týraly Jarlyǵyna qol qoidy. Bul tarıhı mańyzǵa ıe oqıǵa. Barshańyzdy shyn júrekten quttyqtaımyn!»

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына өзгеріс енгізді. Ол бойынша латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа редакциясы бекітіліп отыр.