Атырауда Каспий жағалауындағы өрт табиғи резерват аумағына таралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл туралы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан хабарланды.
Атыраудан 30 шақырым қашықтықта Каспий жағалауындағы өрт резерваттың буферлік аймағына жетті. Бұл Зарослый мен Приморский каналдары арасындағы аумақ.
Қазір өртті сөндіруге қорықтың 25 қызметкері кірісті. Мотосорғысы бар төрт қайық, екі өрт сөндіретін және төрт жол таңдамайтын көлік жұмылдырылған. Өртті өңірдің ТЖД бөлімшелері де сөндіріп жатыр.