Атырау облысында Каспий жағалауындағы 515 гектар аумақта қамыс өрті сөндірілді. Жалынды жою жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қамыс өртін сөндіру бүгін, 14 қазанда қайта жалғасты. Жергілікті уақытпен сағат 09:00-ге дейін жағалауда өртенген аумақтан жақын маңдағы елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.
«Өткен тәулікте 25 гектарда, оның ішінде жеке құрамның күшімен
Қамыс өртін сөндіруге департаменттің жеке құрамынан 31 адам, 5 техникасы, 4 мотосорғыш, 1 генератор, 40 жең, 1 үрлемелі шатыр тартылған.