28 ақп, 2024 сағат 17:19

Каспий тартылып жатыр: жағалау видеосы пайда болды

Ақтаулық блогер және қоғам белсендісі Нұркен Тәжібай әлеуметтік желідегі өз парақшасында Каспий теңізінің таяз жағалауы түсірілген видеоны бөлісті.

"Теңізіміз былтырға қарағанда алысқа кетіп қалды. Каспий тез таязданып келеді", – деп жазды блогер. 


Блогердің оқырмандары көрген кадрларға қапаланғанын жасырмады. 


“Теңізге жаным тынышталу үшін баратын едім. Енді көрсем жүрегім ауырады. Бармауға тырысамын”, “Өкінішті”, “Құдай-ау, не болып барады? Аралдың күйін кешетін секілдіміз”, “Теңіздің тартылып бара жатқанын көру ауыр. Әсіресе, осы жерде туғандарға” деп жазып жатты оқырмандар.