21 там, 2020 сағат 10:50

Қаскелеңдегі өрт бір адамның өмірін қиып кетті

Алматы облысының Қарасай ауданы Қаскелең қаласында бес қабатты үйдің пәтері өртеніп, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«40 пәтерлі, 5 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында бір бөлмелі пәтерде өрт шыққаны анықталды. Жиһаз, үй заттары жанып кетті. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері 20 адамды эвакуациялады. 4 адам құтқарылды. 50 адам өз беттерімен шыққан. Пәтер иесі шұғыл Қаскелең қаласындағы аурухананың жансақтау бөлімшесіне жеткізілді. Өкінішке орай, есін жимастан сол жерде қайтыс болды. Өрттің шығу себебі анықталуда, оқиға орнында өрт сөндіру зертханасы жұмыс істеуде», - делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.