30 қаз, 2019 сағат 14:17

Кәсіпорындар қалдықтарының құрамында улы заттар жоқ екенін дәлелдеуі керек – Жерар Фриес

Кәсіпорындар қалдықтарының құрамында улы заттар жоқ екенін дәлелдеуі керек. Елордада «Қазақстанның қалдықтарды қайта өңдеу стратегиясы» тақырыбында өткен форумда Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерар Фриес осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кәсіпорындар қалдықтарының құрамында улы заттар жоқ екендігін дәлелдеуі керек. Пластикті өртеген кезде қоршаған орта үшін өте қауіпті болып саналатын диоксид бөлініп шығады. Мұндай процесстер заң жүзінде реттеледі, сондықтан өндірістік кәсіпорындар қалдықтарды қайта өңдеумен айналысқан кезде үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олар қалдықты өңдеуге қатысты экономикалық тұғыда қызығушылық танытпайтыны сөзсіз, дегенмен олай етпеген жағдайда кәсірорынның беделіне нұқсан келеді», - дейді Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерар Фриес.

Ол елінде қалдықтар қалай сұрыпталатыны туралы айтты.

«Біз қалдықтарды өртеу, қайта өңдеуден басқа жаңа технологияларды қолданамыз. Егер кәсіпорындарға барып көрсеңіздер, олар қайта өңдеу кезінде қол жұмысын көп қолданады. Соңғы уақытта қалдықтарды сұрыптайтын әртүрлі арнайы технологияларды енгізудеміз. Осылайша, пластик, әйнек, қағаз және тағы ба басқа заттар бөлек-бөлек сұрапталады», - дейді Жерар Фриес.

 

Айта кетерлігі, Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдытардың жыл сайын өсуінің басты себебі – еліміздегі экономикалық өсу және жалғасып келе жатқан урбанизация. Бұл – еліміздегі ең өткір экологиялық проблемалардың бірі. Дегенмен Қазақстан жасыл экономикаға өту тұжырымдамасына сәйкес, қалдықтарды қайта өңдеу 2030 жылға қарай 40%, 2050 жылы 50% дейін жетуі керек.