Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалында Кәсіпкерлікті қолдау аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Өңірдегі шағын және орта бизнестің өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген кеңес мүшелері кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу мәселелерін талқылады.
Отырысты Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева ашып, жүргізді.
– «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес – отандық кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңес беру органы ретінде қызмет көрсетеді. Кеңес тұжырымдамалық ұсыныстарды, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша нақты тәжірибелік шешімдерді дайындау үшін мүдделілердің ақылдасу алаңына айналуды көздейді. Кеңес, басқарушы саяси күш ретінде партияның ресурстарына сүйене отырып, облыстық мәслихаттағы партия фракциясы арқылы қазақстандық кәсіпкерлікке кеңінен қолдау көрсетуге ықпал етеді, – деді басқосуды ашқан сөзінде Г.Тойлыбаева.
Отырысқа қатысқан Алматы облысы бойынша «Даму» қорының директоры Бахыт Мұсаев Ұлттық экономика министрлігі стастистика комитетінің мәліметі бойынша 2016 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес 154,8 мың шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейтінін және оларда 285,6 мың адам еңбекпен қамтылғанын жеткізді. Алматы облысы шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенді саны бойынша республика бойынша бірінші орынды иеленеп отырғандығы дас осы кеңесте айылды.
Ал облыстық кәсіпкерлікті және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қ.Исабеков өз сөзінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2016 жылы Республикалық бюджеттен 5,9 млрд теңге бөлінгенін (2015 жылы – 3,6 млрд теңге), бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 есе немесе 163,9% екенін баяндады.
Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева отырысты қорытындылай келе, республика басшылығы Қазақстанның әлемдегі отыз дамыған мемлекеттің қатарына қосылуын негізгі стратегиялық бағыт ретінде ұстанғандықтан мемлекеттің қуатты экономикалық күші ретінде аталатын шағын және орта кәсіпкерлік өркендесе, еліміздің де ерекше серпінмен дамитындығын атап өтті.
Болат АБАҒАН,
Алматы облысы
"Айқын" газеті