02 қар, 2017 сағат 18:25

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау - кезек күттірмес мәселе

Кентау қалалық әкімдігінде "Атамекен" ҰКП ОҚО жергілікті филиалының жыл бойы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев төрағалық еткен жиынға «Атамекен» ҰКП ОҚО филиалы директорының орынбасарлары Қайрат Анекеев пен Данияр Дәрмен, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев және қала кәсіпкерлері мен сала мамандары қатысты, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

Жиынға қатысушы көпшілік қалалық филиал мамандарының атқарған жұмыстарын арнайы бейнеролик арқылы тамашалады. Байыпты баяндама жасаған «Атамекен» ҰКП ОҚО Кентау қалалық филиалының директоры Мұрат Садуов қалада кәсіпкерлерді қолдау аясында жүзеге асып жатқан істермен таныстырды. 

- 2017 жылыдың 9 айында Кентау қаласы және елді мекендерде “Нұр Отан” партиясымен бірлесіп халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу мақсатынды жиындар өткізілді. ОҚО Кентау қалалық прокуратурасымен бірлесе кәсіпкерлікке кедергі келтіретін мәселелер бойынша елді мекендерде кездесулер ұйымдастырылды. Ағымдағы жылы қабылданған "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдардағы бағдарламасын" түсіндіру мақсатында, қаржы ұйымдарымен бірлесіп түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жүйелі түрде қала және ауыл кәсіпкерлерімен туындаған мәселер бойынша кездесулер өткізіліп, оның шешу жолдары талқыланып отырады. Мамыр айында қала әкімшілігінің баспасөз орталығында Кентау қалалық кәсіпкерлер палатасы филиалының бес айда атқарған жұмыстары жайлы және алдағы атқарылар істердің есебі берілді, - деді Мұрат Нұралыұлы.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, кәсіпкерлер жобаларын сүйемелдеу және қаржылық емес көмек көрсету, міндетті жарналық төлемдер жасаған кәсіпкерлік субъектілері, индустриалды аймақта жүзеге асып жатқан жобалар бойынша кең көлемді мәліметтер берді. Кентау қаласы кәсіпкерлерімен кездесу барысында орын алып отырған мәселелер мен ұсыныстар жайында айтып өтті. Кездесу ашық әңгіме барысымен ұласты. Кәсіпкерлер сұрақ қойып, сала мамандарынан қанағаттанарлық жауаптар алды.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасарлары Қайрат Анекеев пен Дәрмен Данияр ұсыныстардың да ескерілетіндігін жеткізді. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиелендіру, қолдау көрсету барысын түсіндірді.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев тұрғындар тарапынан туындаған суармалы жер, суармалы су жағдайы бойынша және тағы басқа да сұрақтарға жауап берді. Кездесуде кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП ОҚО Кентау қалалық филиалының атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалады.