- Атырау обысындағы Қашаған теңіз кен орнынан алынған мұнай экспортқа үш құбыр желісі арқылы тасымалданатын болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Әрбір мердігер компания - жобаның акционері, бағыт маршруты мен сату орнын өзі таңдайды. Әзірге Қашаған мұнайы Каспий Құбыр консорциумы және «ҚазТрансОйл» арқылы тасымалдануда. Мұнай өндірудегі Қазақстан Республикасының үлесі Каспий Құбыр консорциумы жүйесі бойынша тасымалдануда. Мұнай экспортының әлеуетті бағдарлары батысқа қарай «Атырау - Новороссийск» (КҚК арқылы) құбыр желісімен, солтүстік бағытқа «Атырау - Самара» ( «Транснефть» ресейлік жүйесіне ену арқылы) құбыр желісі және шығысқа қарай «Атырау - Алашанькоу» құбыр желісі арқылы жіберіледі. «Әр акционер өз үлестерінің тасымалдануына және есеп беру, өнімді бөлісу туралы келісімге сәйкес ҚР Үкіметімен өнімді бөлісуге дербес жауап береді», - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.
Қашаған кен орнынан мұнай өндіру ісі 2016 жылдың қыркүйек айында қайта жанданды. 2017 жылдың 13 қаңтары күні Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде мұнай мен газ өндіру бойынша алғашқы жобаның операторы Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. жариялағандай, 8 қаңтар күні Қашаған кенінде қауіпсіз өндіріс пен экспорт көлемі 1 миллион шикі мұнай және конденсатты құрады. Кен өндіру 2016 жылдың қыркүйек айында басталып, қазіргі таңда оның қарқыны тәулігіне 180 000 баррель мұнайға жетті. Ілеспе газды (күкірт) қайта айдау мен оңтайландыруды бастағаннан кейін алғашқы қашағандық жобаның кезеңі аясында өндіріс деңгейін тәулігіне 370 000 баррельге жеткізу жоспарланған.