Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ал, даналықтың алтын кілті - ата-бабамыз.
Бұл - ата жолын жалғап келе жатқан асқақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі. Осы өмір жолында барлығымызға қатысы бар мерейлі шақ.
1-қазан күні біз ел болып Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Асылы, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел - қазыналы ел.
Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығып көріп, аман-сау күн кешкей.
Ал біз қолымыздағы алтынымыздың, еш байлыққа тең келмейтін асылдарымыздың қадірін біліп, олардың барына шүкіршілік етейік. "Атасыз үй - батасыз, ал анасыз үй - панасыз" дейді қазақ. Осы күйге түсуден сақтасын бізді!
Осы мейрамға орай, Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық Пробация қызметі есепте тұрған зейнет жасындағы азаматты Қарттар күні мейрамымен құттықтап, оған зор денсаулық, ашық аспан, ұзақ ғұмыр тілеп, көмек ретінде азық-түлік ұсынды.