Фото: freepik.com
Павлодарда қарт адамдарды азаптап, алаяқтықпен айналысып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Ult.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.
«Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқығын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.
Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген прокуратура хабарламасында.