02 там, 2023 сағат 18:37

Қарсыласын жарақаттап алған танымал футболшы алаңнан жылап кетті - видео

Фото: FUTBOLEROS

Бразилиялық танымал футболшы Марсело Либертадорес кубогы ойынында "Аргентинос Хуниорс" ойыншысы Лусиано Санчесті абайсызда ауыр жарақаттап алды, деп жазады Massaget.kz порталы.

Қарсыласының жарақатын көре сала ойынды тоқтатқанмен, бәрі кеш еді. 

Төреші Марселоға қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Ал бразилиялық ойыншы көз жасына ерік беріп, төрешінің шешіміне наразылық білдірген жоқ. Керісінше өзінің сәтсіз қимылына өкінген қалпы алаңнан кетті. 

Жергілікті басылымдардың жазуынша, Лусиано Санчестің алаңға қайта оралуына кемі 1 жыл уақыт қажет. 

Марсело қазіргі таңда Бразилияның "Флуминенсе" клубында ойнайды. Оған дейін Грекияның "Олимпиакос" командасында доп тепті. Ал жанкүйерлер оны "Реал Мадрид" сапындағы жарқын ойынымен жақсы таниды.