12 қар, 2020 сағат 12:44

Қарқаралы қала мәртебесінен айырыла ма – өңір басшысының жауабы

Қарағанды облысында орналасқан Қарқаралы қала мәртебесінен айрылуы мүмкін деген әңгімеге қатысты аталған облыс әкімі түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қарқаралының қала мәртебесіне қатысты көптеген сұрақтар біздің әкімдікке де, Ұлттық экономика министрлігіне де келіп түсті. Бүгінде Қарқаралыда 9 мыңдай адам тұрады. Ал жалпы нормативке сәйкес қала мәртебесі берілуі үшін, онда 12 мыңнан астам адам тұруы тиіс. Бірақ Қарқаралының орны ерекше, сондықтан да біз бұл мәселе бойынша министрлікпен де, Үкіметпен де ойластық. Соның нәтижесінде Қарқаралы қала болып қалады», - деді Қасымбек ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында тілші сұрағына жауап бере отырып.