29 сәу, 2025 сағат 11:35

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігінің меншігіне өтеді

Фото: ашық дереккөз

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке тиесілі болған тәркіленген элиталық қонақ үй әлеуметтік мақсатта қолданылатын болды, деп хабарлады Ult.kz.

«Нысанның бастапқы бағасы 1 685 115 000 теңгені құрады. Алайда басқарушы компанияның атына Астана қаласы әкімдігінен жылжымайтын мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында беру туралы ресми сұраныс келіп түсті», - делінген Қайтарылған активтерді басқару компаниясының хабарламасында


Зәулім үй Астанадағы Қараөткел шағын ауданында орналасқан.