08 қыр, 2016 сағат 09:30

Кәрім Мәсімов үкіметі 9 қыркүйекте отставкаға кетуі мүмкін - Дереккөз

Кәрім Мәсімов үкіметінің отставкасы 9 қыркүйекте күтіледі, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына жағдаймен таныс дереккөз. 

"Үкімет отставкасы күтіледі", —  деді агенттікпен әңгімелесуші. 

Мәсімов алғаш рет министрлер кабинетін 2007 жылы басқарып, осы қызметті 2012 жылға дейін атқарды. 2012-2014 жылдар арасында Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарған.  2014 жылғы 2 сәуірде Мәсімов Қазақстан үкіметін қайта басқарды.