08 қыр, 2016 сағат 14:48

Кәрім Мәсімов ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

Кәрім Мәсімов ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін", - делінген Жарлықта.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов Қазақстан премьер-министрі болып 2007 жылы тағайындалған еді.