
Алматы тұрғындары карантин талаптарын бұзу деректеріне куә болса, тиісті органдарға шағымдана алады. Бұл туралы Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін арнайы штаб құрылған. Бұл штаб аудандық әкімдіктер жанындағы мониторинг топтарының жұмысын үйлестіріп отырады. Бізде қалада 32 мониторинг тобы бар. Олар күнде адам көп жиналатын нысандарды тексереді. Адамдар осындай заңбұзушылықтың куәсі болса, штабқа жібере алады. Одан бөлек бізде сайт бар», - деді Бекшин.
Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында мониторинг топтарының телефон нөмірлері де жарияланған.
Одан бөлек азаматтар 1308 нөміріне хабарласа алады.
