19 жел, 2020 сағат 08:50

Карантин: Өскемен қаласының аумағына келуге және кетуге тыйым салынды

Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеу шаралары ұзартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 21 желтоқсандағы сағат 00.00-ден бастап 2021 жылғы 4 қаңтардағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын», делінген Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында.

Сонымен қатар, облысаралық және халықаралық автобус, шағын автобус тасымалдарының жұмыс істеуіне тыйым салынған. 

Сондай-ақ, азаматтардың облыс аумағына және Өскемен қаласының аумағына (–н) келуіне/кетуіне тыйым салынған.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.