03 шіл, 2021 сағат 11:36

Карантин: Алматыда 200 адамдық той тоқтатылды


Алматы қаласының мониторинг тобы «Baq Saray» мейрамханасында өтетін үйлену тойын тоқтатты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мониторинг тобы 200-ге жуық қонақ жиналған мейрамхананың жұмысын тоқтатып, келушілерді қайтарды.

Мекеме иесі карантин талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады. 

Еске салсақ, белгіленген карантиндік шектеулерге байланысты тойлар мен бұқаралық іс-шараларды өткізу тыйым салынған.

Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады. Қалада коронавирустың таралу қарқыны күн сайын артып келеді. Халық бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырудан және оған қатысудан бас тартқандары жөн.