Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы қателесіп басқа вакцинаның екінші дозасы салынған 19 жастағы қазақстандық қыздың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ОКҚ брифингінде журналистер екі түрлі вакцина салынған қарағандылық қыздың жағдайы туралы сұрады.
"Өкінішке қарай, мұндай факт болды. Бұл жалғыз жағдай, мұндай деректер Қарағанды облысында қайталанған жоқ. Біз оның жағдайын бақылап отырмыз. Тұрғында вакцинациядан кейінгі кезеңде ешқандай ауытқу болған жоқ. Екінші компонентті салдырған кезде қызда ешқандай жанама әсер байқалмағаны айтылды. Бүгінде оның жағдайы қанағаттанарлық", - деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.