09 қаң, 2025 сағат 17:37

Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, екі бүлдіршін көз жұмды


© Sputnik


Қарағандыда екі пәтерлі үй өртеніп, екі бүлдіршін қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


"Пришахтинская көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үй өртенді. Төтенше жағдай қызметкерлері келгенге дейін 2017 және 2015 жылғы екі бала өздігінен шығып, балалар клиникалық ауруханасына көмірқышқыл газымен улану диагнозымен жеткізілді. Құтқарушылар үйден 2020 және 2022 жылғы екі баланың денелерін тапты", - дейді ведомстводан.


Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер 1964 жылғы әйелді құтқарған. Ол Мақажанов атындағы клиникаға көмірқышқыл газымен улану және күйіктермен жеткізілді.


Құтқарушылар өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шықты деп болжап отыр. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар жасалып жатыр.