Қарағандыда педофил жарты жылдан аса уақыт 15 жастағы өгей қызын зорлап келген. Ол 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Педофилге қатысты даулы іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот педофилдің кәмелетке толмаған баланы 2019 жылдың қаңтарынан тамызына дейін зорлағанын анықтады.
"Сотталушы түнде 2004 жылы туған, кәмелетке толмаған өгей қызының жатын бөлмесіне барып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Бұл жайт кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен расталды. Қарағанды облыстық соты оны 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.