26 ақп, 2024 сағат 10:28

Қарағандыда машина жасау зауытынан өрт шықты


26 ақпанда Ә.Бөкейханов атындағы ауданда "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цехтың шатырында өрт шықты. Өрттің шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. 

ТЖД жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 58 адамы және 16 техникасы жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша өрт сөндірушілер сағат 07:52-де 400 шаршы метрге жайылған қызыл жалынды ауыздықтады.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, сағат 08:22-де өрт түгелдей сөндірілді.