Фото: Pexels.com
Қарағандыда отбасылық жанжал кезінде күйеуін ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқиға 21 сәуірде түнгі уақытта Қарағандыдағы 23-ші шағын ауданда орын алған. Жанжал барысында әйел кәмелетке толмаған балаларын мопедтен итермек болған күйеуінің басынан таспен ұрған.
Сот сараптамасында әйелдің де жеңіл жарақат алғаны анықталды, бірақ осыған қарамастан күйеуі оған қарсы арыз беріп, іс сотқа дейін жетті. Қарағанды облыстық сотының мәліметіне сәйкес, әйелге қатысты Әкімшілік кодекстің "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабымен іс қозғалып, сот оған 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.
Сот шешімі заңды күшіне енгенімен, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы кейінгі мәліметтер жарияланбады.