19 қыр, 2021 сағат 18:52

Қарағандыда 20 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды


Қарағандыдағы «Сапфир» ТК құрылыс алаңында 20 жастағы тас қалаушы 9 қабаттан құлап кетті. Жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға 18 қыркүйек күні кешкі сағат 18:20-да болған. Тас қалаушы жас жігіт «Сапфир» тұрғын үй кешенінде үй салатын құрылыс бригадасының құрамында жұмыс істеген. 

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Кейін бұл нысанда қайтыс болған жігіттің ағасы мен әкесі де жұмыс істейтіні анықталды.