Қарағандылық жедел уәкілдер құны 24 миллиард теңге болатын ірі көлемде есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті қалалық Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы бірге өткізген арнайы операция барысында синтетикалық есірткі дайындап, кейін сататын төрт есірткі зертханасын анықтады.
Оның екеуі Қарағанды облысында болса, біреуі Ақмола облысында, тағы біреуі Павлодар қаласында табылды.
31 наурыз күні Ақмола облысында қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ұсталды. 30 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны аталған өңірден үй сатып алып, ішін ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын жасайтын құрал-жабдықпен толтырып, кейін жасалған есірткіні басқа да өңірлерге сатпақ болған.
Тінту барысында ұсталған азаматтан үш келіден астам дайын «мефедрон» және 35 литр сұйық «мефедрон», сондай-ақ үш мың литр сұйық, шамамен 50 келі прекурсорлар алынды.
«Қарағанды облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қалаларында қылмыс жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың белді мүшелері – 32 жастағы алматылық, 35 жастағы ақмолалық және 21 жастағы павлодарлық ұсталды», – деп хабарлады Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығы Ерлан Файзуллин.