02 қыр, 2025 сағат 15:31

Қарағандыда ІІМ арнайы күзет қызметкері серіктесін өлтіріп алды


© Photo : Акимат Карагандинской области


Қарағанды облысында ІІМ арнайы күзет қызметкері серіктесін абайсызда атып өлтірді, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.


Қайғылы оқиға 31 тамызда сағат 21:00 шамасында Топар кентіндегі "ГРЭС" ЖШС нысанында болған.


"Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері табельдік қарудан оқ атып, серіктесін жаралаған. Салдарынан оқ тиген күзетші қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.


Полицияның айтуынша, оқиға абайсызда болған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі және қызметтік тергеу жүргізіледі.